Accessibility links

NYT: Израиль қауіпсіздік қызметтері АҚШ өтініші бойынша "Әл-Қаиданың" екінші адамын өлтірді


АҚШ Федералды тергеу бюросының Абдулла Ахмед Абдуллаға іздеу салуы.
АҚШ Федералды тергеу бюросының Абдулла Ахмед Абдуллаға іздеу салуы.

Израиль қауіпсіздік қызметтері АҚШ-тың тамыз айындағы өтініші бойынша "Әл-Қаида" террористік ұйымының жоғары шенді мүшесі Абдулла Ахмед Абдулланы өлтірген. Америкалық қауіпсіздік қызметтері оның террористік ұйымдағы екінші адам деп санаған. Арнайы операция туралы америкалық барлау қызметіндегі дереккөзіне сілтей отырып New York Times газеті хабарлады.

Америкалық қауіпсіздік қызметтері Әбу Мухаммад әл-Масри деген лақап аты бар 57 жастағы Абдулланы АҚШ елшіліктеріне жасалған 1998 жылғы шабуылды ұйымдастыру бойынша күдікке алған. Сол жылы АҚШ-тың Кения астанасы Найробидегі және Танзания астанасы Дар-эс-Саламдағы дипломатиялық өкілдіктері алдында қуаты жоғары бомба жарылған. Салдарынан 224 адам қаза тапқан, оның 12-сі АҚШ азаматы болған. Қаза тапқандардан бөлек 4,5 мың адам жарақттанған.

Газеттің жазуынша, әл-Масри қызымен бірге өлтірілген. Оның қызы "Әл-Қаиданың" бұрынғы лидері Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің жесірі болған. Ол екеуін мотоцикл мінген екі адам атып кеткен. Оқ атқандар оқиға орнынан із-түссіз қашып кеткен. Ахмед Абдулла "Әл-Қаида" басшысы Айман Аз-Завахиридің ізбасары саналған. Исламистердің хабарламаларын аңдып отыратын Directorate 4 Telegram-каналы күздің басында Аз-Завахиридің өзі де өлген болуы мүмкін екенін айтады.

АҚШ не Израиль билігі газеттің хабары жөнінде пікір білдірмеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG