Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте 588 адамнан коронавирус анықталды, 301 адам жазылды


Коронавирус жұққан науқастың жүрек соғысын тексеріп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқастың жүрек соғысын тексеріп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

15 қараша күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен (ПТР) расталған 588 науқас тіркелді. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (197) тіркелген. Бір күнде 301 адам жазылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 16 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.

Солтүстік Қазақстан облысында - 57, Қостанай облысында - 51, Павлодар облысында - 49, Нұр-Сұлтанда - 44, Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында әрқайсысында 42 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жексенбі күні бірде-бір науқас тіркелмеген.

Елде наурыз айынан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар 121 051 адамға жетті: 109 мыңнан астамы жазылған. 8 мыңға жуығы емделіп жатыр, 1924-і қайтыс болған. Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы статистикасы (коронавирустың ПТР тестімен расталмаған кейстері) да қосылмаған. 15 қарашадағы дерек бойынша, пневмонияның бұл түрі тамыздан басынан бері 40 149 адамнан анықталған, 418-і қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG