Accessibility links

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігінен түсіп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем көлігінен түсіп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

15 қарашада Қазақстанда 48 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 24 адам жазылды, өткен тәулікте пневмонияның осы түрінен 2 адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 40 197 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 420 адам қайтыс болған, 29 580 адам жазылған.

Бейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 7 адам өлімі тіркелген, наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1945 адамға жетті. Елде коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 121 051 адам бар: 109 944-і жазылған.

Қазір 9 162 адам коронавирустан емделіп жатыр, 3 041-і - ауруханада. 217 адамның жағдайы - ауыр, 22 адамның жағдайы - өте ауыр, 23 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанның Covid бойынша ресми статистикасына коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес - ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Соңғы айларда өткен жылдармен салыстырғанда адам өлімі көп тіркелді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG