Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте 602 адамнан Covid анықталды, 438 адам жазылды


Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

16 қараша күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен (ПТР) расталған 602 науқас тіркелді, бір күнде 438 адам жазылды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (221) тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында - 61, Қостанай облысында - 57, Павлодар облысында - 50, Алматы қаласында - 36, Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында әрқайсында 33 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Маңғыстау облысында бір тәулік ішінде бірде-бір науқас тіркелмеген.

Елде наурыз айынан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар 121 653 адамға жетті: 109 мыңнан астамы жазылған. 9 мыңнан астамы емделіп жатыр, 1945-і қайтыс болған. Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы статистикасы (коронавирустың ПТР тестімен расталмаған кейстері) да қосылмаған. 16 қарашадағы дерек бойынша, пневмонияның бұл түрі тамыздан басынан бері 40 197 адамнан анықталған, 420-і қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG