Accessibility links

АҚШ сенаторы Ауғанстан мен Ирактан әскер әкетуге асықпауға үндеді


Сенатор Митч Макконнелл.
Сенатор Митч Макконнелл.

АҚШ сенатындағы республикашылдар жетекшісі Митч Макконнелл Ауғанстан мен Иракта Америка әскерін азайтуға асықпау қажеттігін айтты. 16 қарашада президент Дональд Трамптың алдағы күндері екі мемлекетте АҚШ әскерін қысқарту туралы мәлімдеме жасайтыны хабарланған еді.

Сенатор Макконнеллдің айтуынша, АҚШ әскерін азайтса, экстремистер "жеңіске жақын қалдық" деп мәлімдеп, шабуылын үдетуі ықтимал. Бұл сонымен бірге АҚШ-тың одақтастарын қиын жағдайда тастап кетуі ретінде бағалануы мүмкін.

Бұл Әл-Қаида террористік ұйымына "ірі пропагандалық жеңіс сыйлап, Америкаға қарсы шабуыл ұйымдастыруына жағдай жасайды" деді сенатор.

Ол сонымен бірге бұл қадам АҚШ сияқты алып мемлекеттің беделін түсіруі мүмкін деп санайды. АҚШ әскерінің нысандарды тастап кетіп бара жатқаны жайлы көрініс "АҚШ жеңілісі" ретінде бағаланып, содырлардың жеңісі ретінде қабылдануы әбден мүмкін. 16 қарашада сенатта сөйлеген Маккконнелл осылай деді.

Осыған дейін Американың ақпарат құралдары Пентагонға Джо Байден инаугурациясына дейін Ауғанстаннан - 2000 сарбаз, Ирактан 500 сарбазды әкетуге даярлық жасау туралы бұйрық түскенін хабарлаған. Егер бұл жоспар жүзеге асса, аталған мемлекеттің әрқайсында небәрі 2500 сарбаздан ғана қалады. Ал бұл сол аумақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ететіндей күш емес деп жазған.

Пентагон әзірге әскер әкетуге байланысты түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG