Accessibility links

Өткен тәулікте 682 адамнан Covid анықталды, Нұр-Сұлтанда науқастар көбейді


Коронавирус жұққан науқасты емдеп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқасты емдеп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

17 қараша күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен (ПТР) расталған 682 науқас тіркелді, бір күнде 453 науқас жазылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 18 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.

Сейсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (230) тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласында – 79, Солтүстік Қазақстан облысында – 74, Павлодар облысында – 61, Қостанай облысында – 58, Ақмола облысында – 41 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Қызылорда облысында бір тәулік ішінде бірде-бір науқас тіркелмеген.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары соңғы бірнеше күнде коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты "сары аймаққа" енген.

Елде наурыз айынан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар 122 335 адамға жетті: 110 мыңнан астамы жазылған. 9 мыңнан астамы емделіп жатыр, 1952-і қайтыс болған. Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы статистикасы (коронавирустың ПТР тестімен расталмаған кейстері) да қосылмаған. 17 қарашадағы дерек бойынша, пневмонияның бұл түрі тамыздан басынан бері 40 220 адамнан анықталған, 421-і қайтыс болған.

Елде коронавирус статистикасына күмән келтіретіндер де бар. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы "елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG