Accessibility links

Amnesty Ресейдің азаматтарды "шетел агенті" ретінде қарастыратын заң жобасын сынады


"Иностранный агент. Love USA". "Мемориал" құқық қорғау ұйымының Мәскеудегі өкілдігі ғимаратының сыртында пайда болған жазу.
"Иностранный агент. Love USA". "Мемориал" құқық қорғау ұйымының Мәскеудегі өкілдігі ғимаратының сыртында пайда болған жазу.

Amnesty International Ресей парламентінің төменгі палатасында талқыланып жатқан шетелден қаржы алатын жекелеген тұлғаларды "шетел агенті" ретінде қарастыратын заң жобасын сынады. Құқық қорғаушылар ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістерді “азаматтық қоғам мен құқық қорғаушы, белсенділерді қудалаудың” жаңа құралы деп атады.

18 қарашада мемлекеттік думада таныстырылған жобаға сәйкес, "шетел агенті" деген статус берілген адамдар азаматтық қызмет көрсету саласында және үкімет органдарында жұмыс істей алмайды. Олар сонымен бірге билікке жіберген хаттары мен өзге материалдарында "шетел агенті" екенін ескертуі керек.

“Егер жоба қабылданса, құжат Ресейден тыс жерден ақша алатын азаматтық қоғам ұйымдар ғана емес, өзге де топтардың әрекетін шектеп, жұмысына зиян келтіреді” делінген ұйымның Ресейдегі өкілі Наталья Прилютская таратқан мәлімдемеде.

Ресейде шетелден қаржы алатын ұйымдарды "шетел агенті" деп атауға мүмкіндік беретін заң 2012 жылы күшіне енген. Содан бері жүздеген ұйымның қаржысы қысқарып, қызметкерлері қысымға ұшыраған немесе қудаланған.

Сыншылардың айтуынша, заң Ресейдің азаматтық қоғамына кері әсерін тигізген. Заңнан зиян шеккен ұйымдар арасында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қоры да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG