Accessibility links

Арменияның экс-президентінің зайыбы коронавирустан қайтыс болды


Серж Саргсян мен Рита Саргсян. Ереван, Армения. 28 мамыр, 2017 жыл.
Серж Саргсян мен Рита Саргсян. Ереван, Армения. 28 мамыр, 2017 жыл.

Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның әйелі Рита Саргсян коронавирус инфекциясы салдарынан 58 жасында қайтыс болды.

Армения экс-президентінің кеңсесі Рита Саргсянның 20 қарашада дүниеден өткенін хабарлады. Ол 16 қарашада Covid инфекциясы кесірінен жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Армян және Ресей ақпарат құралдары Рита Саргсянның алдымен Еревандағы "Наири" медицина орталығында емделіп, артынша өте ауыр халде Германиядағы емханаға жеткізілгенін хабарлады.

Серж және Рита Саргсян 1983 жылы үйленген, олардың Ануш және Сатеник есімді екі қызы, бес немересі бар.

Рита Саргсян 1962 жылы Әзербайжан құрамындағы Таулы Қарабақ аймағында дүниеге келген.

Таулы Қарабақтан шыққан Серж Саргсян екі рет Армения премьер-министрі қызметіне тағайындалған. 2008-2018 жылдар аралығында ол Арменияның үшінші президенті қызметін атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG