Accessibility links

Қазақстанда Covid-тен тағы 8 адам көз жұмды, 22 мыңға жуық адам емделіп жатыр


Коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс істеп жүрген медқызметкерлер. Көрнекі сурет.
Коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс істеп жүрген медқызметкерлер. Көрнекі сурет.

21 қараша күні Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 8 адамға артты. Аурудан 21 864 адам емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Емделіп жатқандардың 11 191-і және қайтыс болғандардың алтауы – вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқас. "Коронавирус пневмониясынан" бір күн ішінде екі адамның өлімі тіркелген, 10 673 адам емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ПТР тестімен расталған науқастар арасында емделіп жатқан 11 191 адамның 3165-і стационарда, 8026-сы амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

"Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ресми дерек бойынша, ПТР тестімен расталған науқастар арасында 1983 адам қайтыс болса, "коронавирус пневмониясы" науқастары арасында 427 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.

Қазақстанда вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны 125 466-ға, "коронавирус пневмониясы" науқастарының саны 41 159-ға жетті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG