Accessibility links

Калифорнияда шіркеуге шабуыл жасалып, екі адам мерт болды


Шіркеуді күзетіп тұрған полиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Шіркеуді күзетіп тұрған полиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.

22 қарашада АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында шіркеуге шабуыл жасалып, екі адам пышақ жарақатынан мерт болды. Бұл ақпаратты жергілікті полиция хабарлады.

Сан-Хосе қаласы полиция департаментінің Twitter желісіндегі ақпарат бойынша, полицияға шабуыл жайлы хабар 22 қараша түнде түскен.

Полиция басында екі адамның ауыр жарақаттанғанын хабарлады, кейін олардың алған жарақаттан қайтыс болғанын айтты.

Полицияның хабарлауынша, шабуыл басталған кезде шіркеу жабық болған, бірақ шіркеу қызметкерлері сыртта тоңып қалмасын деп баспанасы жоқ адамдарды ішке кіргізген.

Күдіктілер жайлы әзірге ақпарат жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG