Accessibility links

24 қарашада коронавирус жұққан 720 науқас анықталды, 701 адам жазылды


Науқасқа дәрі егіп жатқан медицина қызметкері.
Науқасқа дәрі егіп жатқан медицина қызметкері.

Кеше, 24 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 720 адам анықталды. Бір күнде 701 адам жазылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сейсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (160) тіркелген. Павлодар облысында - 112, Солтүстік Қазақстан облысында - 112, Ақмола облысында - 69, Қостанай облысында 66 науқас табылған. Нұр-Сұлтанда - 50, Алматы қаласында 43 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 127 580 адамға жетті: 114 мыңнан астамы жазылған, 1996-ы қайтыс болған.

Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 223 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 428 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус картасында екі мәлімет (коронавирус пен коронавирус пневмониясы есебі) қосылып көрсетілгенмен Джонс Хопкинс университеті коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендерді ғана картасына енгізіп отыр. Қазақстан билігі басында бұл екі мәліметті біріктіріп көрсетуге уәде бергенмен орындамады.

Қазақстанның коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.

Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG