Accessibility links

25 қарашада коронавирус жұққан 820 науқас анықталды, 474 адам жазылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Кеше, 25 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 820 адам анықталды. Бір күнде 474 адам жазылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сәрсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (164) тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында - 114, Павлодар облысында - 110, Нұр-Сұлтанда - 77, Алматы қаласында - 77, Ақмола облысында - 75, Қостанай облысында 63 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 128 400 адамға жетті: 114 мыңнан астамы жазылған, 2001-і қайтыс болған.

Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 427 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 432 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.

Бұған қоса, коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.

Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG