Accessibility links

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды


Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

25 қарашада Қазақстанда 168 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, бір күнде 82 науқас жазылды. Бір тәулік ішінде пневмонияның бұл түрінен 2 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 41 595 адамға жеткен, 30 289-ы жазылған. 434 адам қайтыс болған.

Сәрсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 7 адам өлімі тіркелді. Наурыз айынан бері 2008 адам қайтыс болды. Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олардың өліміне "коронавирус" себеп болды дейді.

Елде коронавирус жұқтырғандар мен "пневмонияға" шалдыққандар 169 995 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін Covid-ке жатқызып, екі мәліметті бірге есептеуге кеңес берген. Көрші Қырғызстан екеуін бірге есептеп келеді. Қазақстан әзірге кеңеске құлақ түрген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі аймақтағы "пневмония" ахуалы жайлы мәліметті сирек жариялайды.

Қазір коронавирус инфекциясынан – шамамен 11 мың, коронавирус пневмониясынан 11 мың адам емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 210 адамның жағдайы – ауыр, 32 адамның халі – өте ауыр, 30 адам тыныс алу аппаратына қосылған.

Көптеген сарапшылар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар ресми мәліметте көрсетілген саннан әлдеқайда көп деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG