Accessibility links

1 желтоқсанда коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды


Науқастың рентген суретіне қарап тұрған медицина қызметкері.
Науқастың рентген суретіне қарап тұрған медицина қызметкері.

1 желтоқсанда Қазақстанда 232 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 119 науқас жазылды. Бір тәулік ішінде пневмонияның бұл түрінен 1 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 42 447 адамға жеткен, 30 681-і жазылған, 444 адам қайтыс болған.

Жексенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 8 адам өлімі тіркелді. Наурыз айынан бері 2049 адам қайтыс болды. Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олардың өліміне "коронавирус" себеп болғанын айтады.

Елде коронавирус жұқтырғандар мен "пневмонияға" шалдыққандар 175 565 адамға жеткен. Бірақ коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі Қазақстанның Covid статистикасына енгізілмеген.

Денсаулық сақтау министрлігі аймақтағы "пневмония" ахуалы жайлы мәліметті сирек жариялайды.

Қазір коронавирус инфекциясынан – 13 мың адам, коронавирус пневмониясынан 11 мың адам емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 223 адамның жағдайы – ауыр, 32 адамның халі – өте ауыр, 30 адам тыныс алу аппаратына қосылған.

Көптеген сарапшылар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар ресми мәліметте көрсетілген саннан әлдеқайда көп деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG