Accessibility links

3 желтоқсанда 819 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды


Қорғаныш киім киген медицина қызметкерлері коронавирус жұққан науқасты көлікке отырғызайын деп жатыр. Көрнекі сурет.
Қорғаныш киім киген медицина қызметкерлері коронавирус жұққан науқасты көлікке отырғызайын деп жатыр. Көрнекі сурет.

3 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 819 адам анықталды, 639 адам жазылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында - 137, Павлодар облысында - 106, Солтүстік Қазақстан облысында - 90, Ақмола облысында - 90, Нұр-Сұлтан қаласында - 88, Қостанай облысында - 85, Алматы қаласында 64 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қызылорда облысында науқас тіркелмеген.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 134 706 адамға жетті: 118 мыңнан астамы жазылған, 2056-ы қайтыс болған.

Дегенмен Қазақстанның Covid статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 42 455 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 446 адам қайтыс болған, 30,6 мыңнан астамы жазылған.

Бұған қоса, коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.

Сарапшылар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG