Accessibility links

2019 жылы АҚШ пен Қытай қару-жарақ саудасында өзгелерден озған


АҚШ әскери әуе күштерінің F-16 ұшағы. (Көрнекі сурет.)
АҚШ әскери әуе күштерінің F-16 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

2019 жылы АҚШ пен Қытай компаниялары әлемдік әскери нарықта басымдыққа ие болып, екеуі бірге қару-жарақ бойынша сауда көрсеткішінің 75 пайыздан астам үлесіне ие болған. Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) есебінде осындай мәлімет жазылған.

SIPRI есебінше, әлемде қару-жарақ шығаратын ең ірі 25 компанияның 12-сі - АҚШ-та орналасқан. Қару-жарақ сату мен әскери қызмет көрсету көрсеткішінің 61 пайызы - осы 12 компания үлесінде. Ал табыстың 15,7 пайызы қытайлық компанияларға тиесілі.

Зерттеу институтының мәліметінше, төрт қытайлық компания былтыр алғаш рет әлемдегі 25 ірі компания қатарына қосылған. Бұл компаниялар жайлы дерек болмағандықтан алдыңғы жылдары есепке енбей қалған.

SIPRI ақпараты бойынша, 2019 жылы аталған 25 компания құны 361 миллиард доллар болатын өнім шығарып, әскери қызмет көрсеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға көп.

25 ірі компания арасында екі ресейлік: "Алмаз Антей" және "Біріккен кеме құрылысы" компаниясы бар. Әскери ұшақ құрастырумен айналысатын үшінші ресейлік компания былтыр құны 1,3 миллиард болатын өнім шығарып, тізімнен шығып қалған.

Тізімде алғашқы бестікте америкалық Lockheed Martin әуе-ғарыш компаниясы, Boeing, Northrop Grumman, Raytheon және General Dynamics компаниялары тұр. Халықаралық қару-жарақ нарығында АҚШ ондаған жылдар бойы алда келеді, бірақ былтыр қытайлық компаниялардың үлесі 5 пайызға артқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG