Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл ақпаратты 10 желтоқсанда жергілікті БАҚ хабарлады. Көктем айларында Ысқақовтың "Алаяқтық" бабы бойынша күдікке ілінгені хабарланған еді.
Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, оның екі орынбасары әрқайсысы - 6 жылға, қылмыстық іс аясында айып тағылған тағы екі кәсіпкердің әрқайсысы 5 жылға сотталған. Оларға түрме жазасы берілген.
Қуанышбек Ысқақовтың "Алаяқтық" бабы бойынша күдікке ілініп, үйқамаққа қамалғаны биыл наурыз айында белгілі болған.
Қуанышбек Ысқақов 2019 жылы маусым айында Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалған. Оған дейін үш жарым жылдан астам сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың орынбасары болып, экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын басқарған.
28 наурызда Гүлшара Әбдіхалықова президент жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған.
ПІКІРЛЕР