Accessibility links

Кейінгі 1,5 айда алғаш рет бірде-бір аймақта науқас саны 100-ден аспады. Covid-тің тәулік дерегі


Коронавирус пандемиясы кезінде Алматы көшелерінде жүрген әйел. 9 желтоқсан 2020 жыл.
Коронавирус пандемиясы кезінде Алматы көшелерінде жүрген әйел. 9 желтоқсан 2020 жыл.

11 желтоқсан күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавируспен 789 науқас, 8 өлім тіркелді. Осыған дейін аймақтар бойынша алдыңғы орында болған аймақтардың бәрінде тіркелген науқас саны 100-ден төмен шықты. Жекелеген аймақтар бұл межеден 28 қазаннан бері асып келген.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 99
  • Алматы қаласы - 82
  • Шымкент қаласы - 14
  • Ақмола облысы - 69
  • Ақтөбе облысы - 7
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 26
  • Шығыс Қазақстан облысы - 98
  • Жамбыл облысы - 26
  • Батыс Қазақстан облысы - 38
  • Қарағанды облысы - 30
  • Қостанай облысы - 74
  • Қызылорда облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 9
  • Павлодар облысы - 83
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 71

Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны осымен 140 784-ке жетіп отыр. Оның 124 729-ы жазылып шыққан, 2129-ы қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Қазақстан Covid жөніндегі ұлттық статистикасына есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы деректерін де біріктірмей отыр. Тамыздың басынан бері пневмонияның бұл түрімен 43 773 науқас тіркелген. Оның ішінде 31 364 науқас жазылып шыққан, 463 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Джонс Хопкинс университеті секілді коронавирустың әлемдік картасын жүргізіп отырған ұйымдар Қазақстанның бұл екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр. Біріктіргенде Қазақстанда 184 557 Covid науқасы тіркелген болар еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG