Accessibility links

Қазақстанда бір күнде он адам коронавирустан қайтыс болып, 956 адамға вирус жұққаны анықталды.


Алматы көшесінде жерде жатқан медициналық маска. 9 желтоқсан 2020 жыл. Көрнекі сурет.
Алматы көшесінде жерде жатқан медициналық маска. 9 желтоқсан 2020 жыл. Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігінің жексенбі, 13 желтоқсан күні таңертең таратқан мәліметі бойынша, Қазақстанда ПТР тест қорытындысына сай, бір күнде он адам коронавирустан қайтыс болып, 956 адамға вирус жұққаны анықталған. Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болғандардың біріне "коронавирус инфекциясына ұқсас пневмония" диагнозы қойылған.

162 адам "коронавирусқа ұқсас пневмонияға" шалдыққан деп хабарлады министрлік. Елде 13 наурыздан бері 141 578 адамнан Covid-19 вирусы анықталған. Осы кезең ішінде 2138 адам қайтыс болған. Қазақстан "коронавирусқа ұқсас пневмониямен" ауырғандарды тек 1 тамыздан бастап қана жеке тіркей бастады. Оған дейін ПТР тест қорытындысы коронавирус инфекциясы жұқпаған деп көрсеткен ондай науқастарды тіркемей келген.

Тамыздың басынан бері 43935 адамға "коронавирус инфекциясына ұқсас пневмония" деген диагноз қойылған, 464 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG