Accessibility links

АҚШ үкіметінің электронды хат алмасу жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Белгісіз хакерлер тобы АҚШ үкіметінің электронды хат алмасу жүйесіне шабуыл жасады. АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Джон Уиллиоттың 13 желтоқсанда таратқан хабарламасында үкімет "оқиғаға қатысы барларды анықтап, мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр" деп жазылған. Сарапшылар бұл соңғы айларда тіркелген шабуылдардың ең ірісі деп отыр.

Хакерлік шабуыл жайлы бірінші болып Reuters хабарлаған. Жағдайдан хабары бар шенеуніктердің бірі ақпарат агенттігіне хакерлер қаржы және сауда агенттігіндегі интернет пен телекоммуникация мәселесіне жауапты тұлғаларды "нысанаға алған" деп айтқан. Өзге агенттіктердің де желілері бұзылған болуы мүмкін. АҚШ-тың ресми тұлғаларының мәліметіне сүйенген Reuters агенттігі мен Washington Post басылымы шабуылды Ресей үкіметінің хакерлер тобы ұйымдастырған болуы мүмкін деп жазады.

Кей ақпарат бойынша, хакерлер бірнеше ай бойы агенттіктердің ішкі хат алмасу жүйесін аңдыған және шабуыл жайлы қазір ғана белгілі болып отыр.

АҚШ-тың киберқауіпсіздік жөніндегі FireEye компаниясы 8 желтоқсанда "хакерлік мүмкіндігі өте жоғары мемлекеттің тегеурінді шабуылына ұшырағанын" мәлімдеген. Көптеген сарапшылар FireEye компаниясына жасалған шабуыл артында APT29, Cozy Bear сияқты хакерлік топтар тұр деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG