13 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 747 адам анықталды, 17 адамнан коронавирус пневмониясы табылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, барлығының ПТР-тесті оң шыққан.
Өткен тәулікте ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (78) тіркелген. Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 73, Алматы қаласында - 72, Ақмола облысында - 71, Солтүстік Қазақстан облысында - 68, Нұр-Сұлтанда 67 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір тәулік ішінде анықталған науқастар 60-қа жетпейді.
Наурыз айынан бері 142 325 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 145 адам Covid-тен қайтыс болған. 126 182 адам жазылған.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 43 952 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 519-ы жазылған. 464 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.
Қазір 14 мыңға жуық адам - коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастардың 4 139-ы стационарда емделіп жатыр. 240 адамның жағдайы - ауыр, 35 адамның жағдайы - өте ауыр, 40 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік науқастар санын азайтып көрсетуі мүмкін.
ПІКІРЛЕР