Accessibility links

Министрлік: Маңғыстау облысында жүк вагонынан өрт шығып, 5 адам зардап шекті


Жүк вагонындағы өртке байланысты хабарлама жіберген төтенше жағдай министрлігі жариялаған сурет. 14 желтоқсан 2020 жыл.
Жүк вагонындағы өртке байланысты хабарлама жіберген төтенше жағдай министрлігі жариялаған сурет. 14 желтоқсан 2020 жыл.

Маңғыстау облысында Маңғышлақ - Ақтөбе арасында қатынайтын жолаушылар пойызының жүк вагонынан өрт шығып, 5 адам зардап шекті, жарақат алғандар арасында бір бала бар. 14 желтоқсанда Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейнеу ауданындағы 464-разъезд аумағында жүк вагонынан өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндірушілерге таңғы сағат 5:30 шамасында түскен.

Өрт кезінде жүк вагонында болған бес адам (біреуі бала) Бейнеу ауылының ауруханасына жеткізілген. Олардан түрлі жарақат анықталған.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрттің шығуына жүк вагонында газ баллонының қақ айырылуы себеп болған. Таңертеңгі сағат 7-де өрт толық сөндірілген, жүк вагоны толық жанып кеткен. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар вагонына от тимеген. Жолаушылар пойызы таңертеңгі сағат 9-дан кете бере Ақтөбе станциясына жөнелтілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG