Accessibility links

Таулы Қарабақта Ресей әскери қызметкері қаза тапты


Шуша (Шуши) қаласы.
Шуша (Шуши) қаласы.

17 желтоқсан күні Минаға қарсы қарулар жөніндегі халықаралық орталықтың офицері Шуша қаласындағы жолды минадан тазарту кезінде қаза тапты деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі.

Офицер минадан тазарту жұмыстары кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға бара жатып қайтыс болды дейді агенттік Ресей қорғаныс министрлігіне сілтей отырып.

16 желтоқсан күні министрлік ресейлік бітімгерлердің Степанакерт қаласынан бір күнде 1200 жарылмаған мина мен снаряд тапқанын, сөйтіп жолдың 16 шақырымын тазартқанын хабарлаған.

Таулы қарабақтағы қарулы қақтығыс 27 қыркүйек пен 9 қараша аралығында болған. Ресей, Әзербайжан және Армения елдерінің басшылары 9 қараша күні Таулы Қарабақтағы қақтығысты 10 қарашадан бастап тоқтату жөнінде ортақ мәлімдеме жасаған.

Мәлімдемеге сәйкес, Әзербайжан Таулы Қарабақтың бір бөлігін және аумақтың айналасындағы жеті ауданын өз бақылауына алды. Бакуге сондай-ақ Әзербайжанның Нахичеван эксклавына Армения жерінен дәліз берілетін болды. Дәл осындай дәлі Армения мен Таулы Қарабақтың бас қаласы саналатын Степанакерт арасында да құрылды. Осы келісімнің жүзеге асуын қадағалау үшін Таулы Қарабақ жеріне Ресейдің 2 мың адамнан тұратын бітімгер әскері кірді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG