Accessibility links

Джо Байденге коронавирус вакцинасы егілді


Медицина қызметкерімен шынтақпен амандасып жатқан Джо Байден.
Медицина қызметкерімен шынтақпен амандасып жатқан Джо Байден.

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңген Джо Байденге дүйсенбі күні коронавирус вакцинасы егілді. Байденге дәрі егу процесі ұлттық телеарнадан тікелей эфирде көрсетілді. Байден егуден кейін Делавэр штатындағы клиника қызметкеріне алғыс айтып, жаппай егу бағдарламасының басталуына мұрындық болған Дональд Трамп әкімшілігінің жұмысын жоғары бағалады.

Бұның алдында вице-президент Майк Пенс бастаған бірқатар саясаткер жұрттың көзінше коронавирус екпесін салдыртқан. Саясаткерлер осылайша вакцинаның қауіпсіз екенін дәлелдегісі келетінін айтып, америкалықтарды егуден бас тартпауға үндеген.

Байденге Pfizer корпорациясының препараты салынған. АҚШ-та тұрғындарға Moderna компаниясының вакцинасы да салынып жатыр.

78 жастағы Байденді дәрігерлер жасына байланысты коронавирус инфекциясын ауыр қабылдауы мүмкін топқа жатқызады. Ол қоғам алдында үнемі маска тағып жүреді. Жүрген жерінде америкалықтарды сақтық шараларын орындауға шақырумен келеді.

АҚШ-та күн сайын орташа есеппен 200 мыңнан астам коронавирусқа шалдығады. Инфекция жұқтырғандар 18 миллионнан асты. 320 мыңы қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG