Accessibility links

Ресей арқылы Сирияға кетпек болған екі өзбек азаматы сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің оңтүстік аймақтық әскери соты "Джебхат ан-Нусра" террористік ұйымына қосылуға тырысты деп айыпталған Өзбекстанның екі азаматы Феруза Хабибов пен Жасур Махмудовты 9 және 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметіне сүйенген ресейлік БАҚ хабарлады.

"Айыпталушылар 2019 жылы Симферополде жүріп "Джебхат ан-Нусра" тобына қосылуға тырысқан. Сирия аумағындағы ұйымның іс-әрекетіне араласқан" делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық іс материалдарында Хабибовтің 2019 жылы тамыз бен 2020 жылдың наурыз аралығында танысын "Джебхат ан-Нусра" ұйымына тартып, Сирияға баруға үгіттегені жазылған. Биыл наурыз айында Ресейде жүріп әскери форма мен дәрі-дәрмек сатып алып, Краснодар - Тбилиси - Стамбул арқылы Сирияға кетуді жоспарлаған.

2020 жылы 26 наурызда Қырымда ұсталған. Сот Махмудовты - 5 жылға, Хабибовті 9 жылға соттады. Үкім күшіне енбеген. Тараптардың үкімді апелляцияға беруіне мүмкіндігі бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG