Accessibility links

The Insider: Кремль Лукашенкоға қарсы, бірақ интеграцияны қолдайтын партия құрмақ


 Беларусьтегі президент сайлауынан кейінгі наразылық. Минск, 23 тамыз 2020 жыл.
Беларусьтегі президент сайлауынан кейінгі наразылық. Минск, 23 тамыз 2020 жыл.

Мәскеу Беларусь Республикасында Александр Лукашенко режиміне қарсы тұратын, бірақ Ресеймен интеграцияны қолдайтын партия құрмақ. Бұл туралы Ресей президентінің шет елдермен байланыс жөніндегі басқармасынан алынған құжаттарға сілтей отырып The Insider басылымы хабарлады. Басқарманы сыртқы барлау қызметінің генералы Владимир Чернов басқарады.

Басылымның журналистері Кремльдің Армения, Грузия, Молдова секілді пост-советтік елдердің ішкі ісіне араласуына Черновтың қатысы бар.

Партияның жұмыс атауы – "Халық құқығы". Кремльдің жобалауынша, партия конституциялық реформаларға басымдық береді дейді The Insider басылымы.

Басылымның қолына түскен құжаттарға қарағанда (құжаттардың фотокопиясы сайтында жарияланған), партия мемлекеттік меншікті жекеменшікке өткізу идеясын қолдамақ. Журналистердің жазуынша, партия бағдарламасында "цензураны жою" және "жеке адамның ар-намысы мен еркіндігін құрметтеу" ұсынылады.

The Insider басылымы Ресей президентінің әкімшілігі осы партияны құруға атсалысатын жеті адамның аты-жөнін жариялады. Олардың бәрі Беларусь азаматтары, бірақ олар "Единая Россия" партиясының саяси клубына қатысқан. Мәскеудің жобалауынша, олар оппозициялық құрылымдардың мейлінше көбіне кіріп, парламенттік сайлауға кандидаттарды әзірлеп, қоғамдық пікірді қалыптастыратын жергілікті тұлғаларды дайындауы тиіс.

Мұның алдында Беларусь билігі де, оппозициясы да бөтен елдің ішкі іске араласуына қажеттілік жоғын мәлімдеген.

Кремль The Insider басылымының зерттеуі туралы әлі пікір білдірмеді

Беларусьте 9 тамызда президент сайлауы өтіп, Александр Лукашенко жеңімпаз жарияланған соң, жүздеген мың адам көшеге шығып, сайлау нәтижесі бұрмаланған деп наразылық білдірді. Полицияның шерулерді қатыгездікпен жаншуы наразылықты одан әрі күшейтіп, қарсылық акциялары күн сайын өтіп, бірнеше айға ұласты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG