Accessibility links

Кремль жақын арада Путинге коронавирусқа қарсы вакцина салынатынын хабарлады


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путинге жақын арада коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы салынады. 27 желтоқсанда Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков осылай деп хабарлады. Ол алда бұл жайында Путиннің өзі де айтады деді.

Ресей денсаулық сақтау министрлігі бір күн бұрын "Спутник V" вакцинасын 60 жастан асқандарға салуға болады деп мәлімдеген. Бұл топтағылар арасында вакцина тиімділігі 90 пайыздан аспайды. Ал Путин қазір 68 жаста.

17 желтоқсан күнгі баспасөз мәслихаты кезінде Путин "құжаттар мәселесі" шешілгеннен кейін екпе салдыртатынын айтқан.

Ресей "Спутник V" вакцинасын 11 тамызда тіркеп, әлемде коронавирус вакцинасын алғаш тіркеген ел атанған.

Ресей үкіметінің мәліметі бойынша, індет басталғалы бері 3 млн-нан астам адамнан коронавирус анықталған, 54 778 науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG