Accessibility links

Өзбекстанда жарықсыз қалған тұрғындар наразылық білдіріп, жолды жапты (видео)


Жолды жауып тұрған наразылар. Көрнекі сурет.
Жолды жауып тұрған наразылар. Көрнекі сурет.

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Музрабат ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұрғындар жарықтың сөндірілуіне қарсы шығып, жолды жапқан. Бұл ақпаратты Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

"Эхо Узбекистана" телеаграм-арнасының хабарлауынша, 27 желтоқсанда "Оби Хает" ауылында бір күн электр энергиясы болмаған. Наразы тұрғындар жолды жауып, жол ортасында шиналарды өртеген.

Әлеуметтік желіде наразылық туралы ақпарат тарағаннан кейін Сұрқандария облысының әкімшілігі ресми мәлімдеме таратты. Әкімшілік өкілдері 27 желтоқсанда наразылық болғанын растап, тұрғындар жарықтың сөндірілуіне наразылық білдіріп, көшеде баллон жақты деп жазған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 25 желтоқсанда аталған ауылда 630 киловаттық трансформатор істен шыққан. 26 желтоқсанда 400 киловаттық тағы бір трансорматор орнатылғанмен электр энергиясына сұраныс күрт көбейгендіктен көп ұзамай ол да істемей қалған.

Әкімшілік мәліметінше, соның салдарынан 545 жеке үй, 165 пәтер жарықсыз қалған. Билік 27 желтоқсанда жаңа трансформатор орнатылып, мәселе шешілді дейді.

Орталық Азияда халық саны жағынан бірінші орында тұрған Өзбекстанда үкіметке наразылық білдіріп шығу - өте сирек кездесетін құбылыс. Бір жыл бұрын газ бен электр жарығының тапшылығы елдің кей аймағында тұрғындар наразылығын тудырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG