Accessibility links

Иранға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіледі


Маска таққан адамдар қоғамдық көліктен шығып барады. Тегеран, қазан айы 2020 жыл.
Маска таққан адамдар қоғамдық көліктен шығып барады. Тегеран, қазан айы 2020 жыл.

"Қызыл жарты ай" ұйымының Ирандағы өкілдігінің жетекшісі үш апта ішінде Тегеранға Pfizer/BioNTech вакцинасы жеткізіледі деп хабарлады.

"Америкалық филантроптар тобымен жасалған келісім бойынша, коронавирусқа қарсы [Pfizer] вакцинасының 150 мың дозасы елге жеткізіледі" деді 28 желтоқсанда ұйым жетекшісі Карим Хеммати ирандық ақпарат агенттігіне.

Оның сөзіне қарағанда, вакциналар денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ереже бойынша үлестіріледі. Хеммати басқа ақпарат айтпаған.

26 желтоқсанда Хеммати "Қызыл жарты ай" ұйымы Қытайдан коронавирусқа қарсы миллион доза вакцина сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр деп хабарлаған.

Иран орталық банкінің жетекшісі Абдолнасер Хеммати өткен аптада АҚШ-тың Тегеран вакцина сатып алуы үшін шетелдік валюта қорын пайдалануға рұқсат бергенін айтқан. Бірақ ол Иранның нақты қай вакцинаны сатып алатынын айтпаған. Иранның ресми тұлғалары оның алдында АҚШ санкциясының салдарынан COVAX бойынша төлем жасай алмай отырғанын айтқан.

Иранда коронавирус жұқтырғандар 54 мыңнан асқан. Иран Таяу Шығыста коронавирустан қатты зардап шеккен ел.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG