Accessibility links

Ресей билігі Алексей Навальныйдың үстінен қылмыстық іс қозғады


Алексей Навальный.
Алексей Навальный.

Ресей тергеу комитеті оппозициялық саясаткер Алексей Навальный үстінен қылмыстық іс қозғап, Кремль сыншысын Жемқорлықпен күрес қорына қайырымдылық ретінде бөлінген "жүздеген миллион рубльді жымқырды" деп айыптады. Тамыз айында Ресейде “Новичок” тобына жататын қауіпті затпен уланып, қазір Германияда денсаулығын түзеп жүрген Навальныйға енді еліне оралса, ұзақ жылға сотталу қаупі төніп тұр.

Навальный тағылған айыптарды жоққа шығарып, Ресей билігінің "улаудың артында кім тұрғанын әшкерелегені үшін өзінен кек алғысы" келетінін айтты. Белсенді улауды "қастандық" деп атап, оны Ресей арнайы қызметінің ұйымдастырғанын жеткізді.

Навальный жылдар бойы шенеуніктердің жемқорлық істерін әшкерелеп, бірнеше іс бойынша өз елінде қысқа мерзімге қамалып шыққан. Экономика тығырыққа тіреліп, өмір сүру сапасының нашарлауына байланысты қоғамда наразы көңіл-күй артқан шақта елде Кремль сыншыларын қудалау күшейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG