Accessibility links

Covid: Бір күнде 896 науқас анықталды, 12 адам қайтыс болды


Рентген суретін ұстап тұрған медицина қызметкері.

29 желтоқсанда Қазақстанда 726 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. 170 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде Covid пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды: 7 адам - коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің 30 желтоқсан күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Ең көп науқас Нұр-Сұлтанда (107) тіркелген. Алматы қаласында - 81, Павлодар облысында - 65, Алматы облысында - 61, Атырау облысында - 60, Қостанай облысында - 60, Солтүстік Қазақстан облысында - 58, Ақмола облысында - 54, Шығыс Қазақстан облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Жамбыл облысында - 15, Маңғыстау облысында 11 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір тәулік ішінде анықталған науқастар 10-ға жетпейді. Бір күнде 1 047 науқас жазылған.

Наурыз айынан бері 153 925 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған, 2 274-і қайтыс болған. 141 731 адам айыққан.

Коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері есепке алып келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны белгісіз. Ол жайлы мәлімет жарияланбады. 1 тамыздан бері 45 630 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 498-і қайтыс болған.

Қазір коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 22 мыңнан астам адам емделіп жатыр. 9 920 адамның Covid тесті оң нәтиже көрсеткен. 257 науқастың жағдайы ауыр. Дәрігерлер 45 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды. 41 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде Covid-ке шалдыққандар 81,9 миллионнан адамнан асты. 1 млн 787 мың адам адам қайтыс болды. 46,2 миллион адам аурудан жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG