Accessibility links

Коронавирус пен пневмониядан 13 адам көз жұмды


Коронавирустан қорғануға үндейтін жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан әйел. Көрнекі сурет.
Коронавирустан қорғануға үндейтін жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан әйел. Көрнекі сурет.

Қазақстанда тәулік ішінде Covid пен коронавирус пневмониясынан 13 адам (9-ы – коронавирустан, 4-і – коронавирус пневмониясынан) қайтыс болған. 117 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы 2021 жылғы 1 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазір елде жиынтығы 22275 науқас (Covid жұққан 10105 адам, коронавирус пневмониясына шалдыққан 12170 адам) емделіп жатыр. Оның 4774-і стационарда жатса, 17501 адам амбулаторияда емделіп жүр.

265 науқастың жағдайы ауыр. Дәрігерлер 53 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды. 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Ресми мәлімет бойынша, былтырғы наурыз айынан бері 155 473 адамның коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен, 2 293-і қайтыс болған.

Коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері есепке алып келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны белгісіз. Ол жайлы мәлімет жарияланбады. 1 тамыздан бері елде 45 840 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 503-і қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде Covid-ке шалдыққандар 83,4 миллионнан адамнан асты. 1 млн 818 мың адам адам қайтыс болды. 47 миллионға жуық адам аурудан жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG