Accessibility links

Covid және пневмониямен бір тәулікте 683 адам тіркелді, сегіз адам көз жұмды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Өткен тәулікте Қазақстанда Covid жұқтырған 645 адам, соған ұқсас пневмониямен ауырған 38 адам тіркелді, жеті кісі коронавирус инфекциясынан, бір кісі соған ұқсас пневмониядан көз жұмды.

4 қаңтардың таңындағы мәлімет бойынша, былтырғы 13 наурыздан бері Қазақстанда диагнозы лабораториялық зерттеу нәтижесінде нақтыланған 157 579 науқас тіркелді. Бұл инфекциядан жалпы саны 2336 адам көз жұмды.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 45 984 адам тіркелді, 509 кісі қайтыс болды.

Қазір 22 710 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 10 533 адамның ауруы тест арқылы расталған, 288 науқастың халі нашар, 49 кісінің жағдайы өте нашар, 41 адам өкпе желдету аппаратында жатыр.

4 қаңтардың таңындағы аймақтардағы жағдай:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 18 994 (+48);
  • Алматы қаласы – 18 847 (+105);
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 18 709 (+58);
  • Атырау облысы – 13 741 (+51);
  • Қарағанды облысы – 12 217 (+27);
  • Батыс Қазақстан облысы – 9 322 (+35);
  • Павлодар облысы – 9 408 (+72);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 8 799 (+56);
  • Қостанай облысы – 7 740 (+58);
  • Ақмола облысы – 7 422 (+58);
  • Алматы облысы – 7 268 (+38);
  • Шымкент қаласы – 5 517 (+1);
  • Жамбыл облысы – 5 039 (+9);
  • Маңғыстау облысы – 3 748 (+13);
  • Ақтөбе облысы – 3 707 (+3);
  • Түркістан облысы – 3 697 (+10);
  • Қызылорда облысы – 3 404 (+3).

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған 85,1 миллион адам тіркелген. 47,8 миллион кісі бұл дерттен жазылып шықса, 1,84 миллион адам көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG