Accessibility links

2020 жылы ресейлік миллиардерлердің көбінің дәулеті артқан


Сүлейман Керимов.
Сүлейман Керимов.

Коронавирус дағдарысына қарамастан ресейлік миллиардерлердің дәулеті 2020 жылы 13 млрд 800 млн долларға артқан. Bloomberg агенттігінің жыл сайынғы рейтингісіне қарап сондай тұжырым жасауға болады.

Алтын өндіретін компанияға жетекшілік ететін, федерация кеңесіне Дағыстан атынан сайланған Сүлейман Керимов бәрінен көбірек дәулет жиған. 2020 жылы оның байлығы 4,85 миллиард долларға артқан. Алғашқы үштіктің арасында сонымен бірге "Мегафон" және "Металлоинвест" жетекшісі Әлішер Усманов та бар. Ол Керимовқа қарағанда 400 миллион доллар аз табыс тапқан. "Северстали" жетекшісі Алексей Мордашовтың байлығы 3 миллиардқа көбейген.

Былтыр Bloomberg тізіміндегі үш ресейлік миллиардердің ғана байлығы азайған деп айтылады: Вагит Алекперов, Леонид Федун және Геннадий Тимченко. Бәрінен көбірек табыс жоғалтқаны - Алекперов. 2020 жылы оның байлығы 5 миллиард долларға кеміген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG