Армения президенті Армен Саркасянға коронавирус жұққан. 67 жастағы саясаткер аяғына операция жасату үшін Лондонға жол жүрген. Сапар барысында президенттен Covid белгілері байқалып, ПТР-тест тапсырған. Тест нәтижесі оң шыққан. Бұл туралы 5 қаңтарда армян ақпарат агенттіктері жазды.
Лондон мен Англияның оңтүстігінде коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады. Мамандар вирустың “қарапайым” түріне қарағанда жаңасы тез жұғатынын айтып отыр. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон індетті тежеу үшін 4 қаңтарда қатаң локдаун енгізген.
Былтыр Армения премьер-министрі Никол Пашинян да Covid-пен ауырып шыққан.
Соңғы мәлімет бойынша, Арменияда 160 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, 2800-ден астамы қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР