Accessibility links

Бір күнде 771 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, Нұр-Сұлтанда вирус күшейді


Науқастың жағдайын сұрап тұрған медицина қызметкері.
Науқастың жағдайын сұрап тұрған медицина қызметкері.

5 қаңтарда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен нақтыланған 742 адам анықталды, 29 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. 4 адам Covid-тен қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қаңтар күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Сейсенбі күні ең көп науқас Нұр-Сұлтанда тіркелген. Мұнда бір күнде 114 адамнан коронавирус анықталды. Атырау облысында - 101, Алматы қаласында - 94, Ақмола облысында - 58, Қостанай облысында - 56, Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында әрқайсысында 55 адам Covid-ке шалдыққан. Алматы облысында - 52, Батыс Қазақстан облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 39 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір тәулік ішінде анықталған науқастар саны 15-ке жетпейді.

Наурыз айынан бері 159 044 адамның ПТР-тесті оң шыққан: 145 975-і жазылған. 2 343-і қайтыс болған.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 46 020 адам тіркелді, 513 науқас қайтыс болды.

Қазір коронавирустан 23 мыңға жуық науқас емделіп жатыр. 299 адамның жағдайы ауыр, 45 науқастың халі өте ауыр. 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған 86,3 миллион адам тіркелген. 48,4 миллион кісі бұл дерттен жазылып шықса, 1 млн 866 мың адам көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG