Accessibility links

Германия да коронавирустың жаңа түрінен сақтана бастады


Көшені күзетіп тұрған полиция қызметкерлері. Берлин, 31 желтоқсан 2020 жыл.
Көшені күзетіп тұрған полиция қызметкерлері. Берлин, 31 желтоқсан 2020 жыл.

Германия локдаун мерзімін қаңтар соңына дейін созып, шектеуді онан әрі күшейтеді. Еуропаның қалған елдері де коронавирустың жаңа штамынан сақтану үшін түрлі амалдар қарастырып жатыр.

4 қаңтарда Ұлыбритания індет басталғалы бері үшінші рет локдаун енгізген. Артынша Германия канцлері Ангела Меркель де 5 қаңтарда карантин күшейетінін хабарлады. Ұлыбритания B.1.1.7 деген атпен белгілі тез жұққыш коронавирус түрін тежеуге тырысып жатыр. Алғаш рет вирус мутациясы Англияның оңтүстік-шығысында желтоқсан айында тіркелген.

Оңтүстік Африкада алғаш анықталған вирустың жаңа штамы қазір ондаған елден табылған. Швейцарияның инфекция бақылау қызметінің жетекшісі Виржиния Массерей вирус мутациясы "тағы бір індеттің толқынын тудыруы мүмкін" деп ескертті.

Германияда жаңа ереже аясында коронавирус ахуалы асқынып кеткен аумақтарға баруға шектеу қойылады. Адамдар үйінің маңынан 15 шақырым радиус аралығында ғана еркін жүре алады. Кездесулер мен жиындарға тыйым салынады.

Қараша айында Германия "жұмсақ локдаунды" өткерген, бірақ Рождество мерекесі қарсаңында вирус бәсеңдемеген соң шектеуді күшейткен еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG