Accessibility links

Гонконгте 50 шақты демократияшыл белсенді ұсталды


Демократияшыл белсендіні ұстап бара жатқан қытай сақшылары. 6 қаңтар 2021 жыл.
Демократияшыл белсендіні ұстап бара жатқан қытай сақшылары. 6 қаңтар 2021 жыл.

Гонконгте былтыр жазда қабылданған ұлттық қауіпсіздік туралы заңды бұзды деген айыппен демократияшыл 50 белсенді ұсталды. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, белсенділер былтыр шілдеде қалалық кеңес сайлауы қарсаңында демократияшыл кандидаттар арасында бейресми түрде праймериз ұйымдастырғаны үшін ұсталған.

Қытай билігі сол кезде оппозицияның праймеризін сынап, сайлау процесіне араласпақ болды деп кінәлап, "төңкеріс жасауға тырысты" деп мәлімдеген. Артынша Пекинге қарайтын қала билігі қыркүйек айында өтуі тиіс болған сайлауды бір жылға шегерген. Шілде айындағы оппозицияның праймеризі кезінде 600 мыңнан астам адам дауыс берген деп айтылады.

Былтыр маусым айының соңында Гонконгтің қауіпсіздігі жайлы Пекин қабылдаған заң жаппай наразылық туғызған. Шетел сарапшылары мен құқық қорғаушылар жаңа заңды Қытай билігі Гонконгтегі демократиялық қозғалыстарды басып-жаншу үшін қолдануы мүмкін деп алаңдаған. Бұған қоса, 1997 жылдан бері қалыптасқан "бір ел, екі жүйе" қағидасына қайшы келетінін де алға тартқан.

Бұрын Британия колониясы болған Гонконг 1997 жылы Қытайға беріліп, бірақ 2047 жылға дейін ішкі саясатын өзі анықтауға мүмкіндік алған еді. Әкімшілік аумақ Пекинге тек сыртқы саясат пен қорғаныс мәселесінде бағынатын болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG