Accessibility links

АҚШ: Республикашылдар сенатта басымдықтан айырылды


АҚШ сенатына Джорджия штатынан сайланған Рафаэль Уорнок Джо Байденмен бірге.
АҚШ сенатына Джорджия штатынан сайланған Рафаэль Уорнок Джо Байденмен бірге.

АҚШ-та Джорджия штатынан сенат сайлауына түскен екі кандидат 5 қаңтарда өткен сайлаудың екінші турында жеңіске жетті. Сәрсенбі күні жарияланған сайлау нәтижесі бойынша, олар қарсыластарын басымдықпен озған.

Демократ Рафаэль Уорнок конгрестің жоғарғы палатасына штаттан сайланған алғашқы афроамерикалық азамат атанады. Деректі фильм түсірумен айналысатын 33 жастағы Джон Оссофф сенатта 6 жыл бойы Джорджия штатын "таныстырып келген" республикашыл Дэвид Пердьюдан көбірек дауыс жинаған.

Республикалық партияның екі өкілінің сайлауда жеңілуі Демократиялық партия үшін ірі жеңіс. Соның нәтижесінде конгрестің жоғары палатасында екі партияның әрқайсысында 50 дауыстан болады. Бірақ вице-президент Камала Харристің дауысының арқасында Демократиялық партия басымдыққа ие болмақ. Бұл маңызды заң жобаларына дауыс беру кезінде өте күшті рөл ойнайды. Жаңа сайланған президент Джо Байденге өзі жоспарлаған заң жобаларын еш қиындықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG