Accessibility links

10 қаңтарда 773 адамнан коронавирус пен пневмонияның Covid-ке ұқсас түрі анықталды


Коронавирус жұққан науқасты жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқасты жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

10 қаңтарда Қазақстанда 746 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. 27 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 1 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 11 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Өткен тәулікте республика бойынша Алматы қаласы науқастар саны жөнінен алдыңғы орынға шыққан. Мұнда бір күнде 120 адамның ПТР-тесті оң шыққан. Атырау облысында - 73, Павлодар облысында - 65, Қостанай облысында - 63, Алматы облысында - 63, Ақмола облысында - 59, Нұр-Сұлтанда - 55, Солтүстік Қазақстан облысында - 52, Батыс Қазақстан облысында - 46, Қарағанды облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 38 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Шымкентте - 20, Жамбыл облысында - 16, Түркістан мен Қызылорда облысының әрқайсында 8 адам Covid-ке шалдыққан. Ақтөбе облысында - 10, Маңғыстау облысында 10 науқас тіркелген.

Наурыз айынан бері 163 019 адамның ПТР-тесті оң шыққан, 2360-ы қайтыс болған. 149 082 адам жазылған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін де Covid деп анықтауға кеңес берген. Бірақ Қазақстанда ПТР-тесті оң шыққандар мен ПТР-тесті теріс, бірақ клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа келетіндер бөлек есептеледі. 1 тамыздан бері 46 350 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 525 адам қайтыс болған. 33 904 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 498 адам (11 577-інің ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 272 адамның жағдайы ауыр, 54 науқастың жағдайы өте ауыр. 45 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG