Accessibility links

Қырғызстанға Pfizer вакцинасының үлгілері жеткізілді


Pfizer вакцинасы.
Pfizer вакцинасы.

Қырғызстанға Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцина үлгілері жеткізілді. Мамандар оны қабылдау, сақтау мен егу шарттарын зерттейді. Бұл туралы 12 қаңтарда денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев хабарлады.

"Pfizer вакцинасын пайдалану үшін оны -70 градуста сақтауға мүмкіндік беретін суыту жүйесі болу керек. Өкінішке қарай, бізде мұндай жүйе жоқ. Сол себепті мәселені терең зерттеуіміз керек. Қажет болса, сол суыту жүйесін сатып алу үшін қаражат қарастыруымыз қажет" деді ол.

Вице-министр Pfizer-ден бөлек, мамандардың тағы жеті "кандидат" - вакцинаны зерттейтінін айтты. Арасында ресейлік вакцина да бар.

"Ол жақта (Ресейде) екі вакцина тіркеуден өтті және азаматтық айналымға жіберілді, яғни жаппай иммунизацияда пайдаланылып жатыр. Бұл процесті де зерттейміз. Ең қолайлы нұсқаны таңдаймыз, вакцина сапасы, суыту жүйесімен қамтамасыз ету мүмкіндігі, мамандар дайындығы, егу бағдарламасын жүзеге асыру сияқты жайттарды ескереміз" деді Усенбаев.

Желтоқсан айының соңында Еуроодақ тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцина еге бастаған. Еурокомиссиясы оның алдында батыс компаниялары әзірлеген Pfizer/BioNTech вакцинасын мақұлдаған. АҚШ-та да бұл препарат мақұлданған.

Бұл вакцинаның тиімділік көрсеткіші 95 пайызды құрайды. Вакцина минус -70 градуста сақталуы тиіс. Тасымалдауға ыңғайлы болу үшін компания вакцинаны ұзақ уақыт аралығында сақтауға мүмкіндік беретін арнайы ыдыс жасап шығарған. Мұндай ыдыс қажетті температураны 10 күн бір деңгейде ұстап тұра алады деп айтылады. Бұл вакцинаны әлем елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Флакон ерітілгеннен кейін оны суық күйінде 5 күнге дейін сақтауға болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG