Accessibility links

12 қаңтарда 890 адам Covid пен пневмонияға шалдықты, 12 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі. Алматы, 4 қаңтар 2021 жыл.
Жедел жәрдем көлігі. Алматы, 4 қаңтар 2021 жыл.

12 қаңтарда Қазақстанда 766 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталды. 124 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бір күнде 8 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан (114) мен Алматы қаласында (111) көп науқас тіркелді. Қостанай облысында - 75, Атырау облысында - 73, Ақмола облысында - 63, Алматы облысында - 61, Солтүстік Қазақстан облысында - 54, Павлодар облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында - 39, Шығыс Қазақстан облысында 37 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 164 477 адамға жеткен.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін де Covid деп анықтауға кеңес берген. Бірақ Қазақстанда ПТР-тесті оң шыққандар мен ПТР-тесті теріс, бірақ клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа келетіндер бөлек есептеледі. 1 тамыздан бері 46 499 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 530 адам қайтыс болған. 34 118 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 524 адам (11 673-інің ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 267 адамның жағдайы ауыр, 58 науқастың жағдайы өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG