Accessibility links

Нұрлан Нығматулин мәжіліс спикері қызметінде қалды


Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Парламент мәжілісінің депутаттары 15 қаңтар күнгі отырысында төрағалыққа ұсынылған Нұрлан Нығматулин кандидатурасын "бірауыздан" қолдап, дауыс берді. Бір күн бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев оны палата спикерлігіне ұсынған.

Нығматулин кандидатурасын мәжілістегі барлық үш фракция мен Қазақстан халқы ассамблеясы депутаттары қолдады.

"100 бюллетень таратылды, жәшікті ашқан кезде 100 бюллетень анықталды, жарамсызы жоқ, 100 депутаттың бәрі "қолдап" дауыс берді" деді санақ комиссиясының төрағасы Мұхтар Ерман.

Нығматулин 2019 жылы отставкаға кеткеніне қарамастан саяси ықпалын сақтап қалған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі болып та қала береді.

58 жастағы Нұрлан Нығматулин 2012-2014 жылдары мәжіліс төрағасы болған, президент әкімшілігін басқарғаннан кейін 2016 жылы осы қызметке қайта тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG