Accessibility links

АҚШ Қытайдың 9 компаниясына санкция салды. Арасында Xiaomi бар


АҚШ Қытайдың тағы 9 компаниясына санкция салды. Санкцияға сай америкалық азаматтар мен ұйымдар бұл компанияларға инвестиция сала алмайды. Биліктен кетіп бара жатқан Дональд Трамп әкімшілігінің "қара тізіміне" енген компаниялар арасында Xiaomi, Advanced Micro-Fabrication Equipment компаниялары бар. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

2010 жылы құрылған Xiaomi смартфон өндіру бойынша әлемде және Қытайда үшін орын алады. Бұған дейін Xiaomi телефоны жеке деректерді компания серверіне жібереді деген күдік пайда болған. 2020 жылы сәуір Forbes журналы Xiaomi өз браузерлерін бақылап, қауіпсіздік шифрін қолданбайды деп мәлімдеген. Компания деректер тек ішкі сараптама үшін жиналады деген.

Вашингтон қарашада президент жарлығымен Қытай компанияларына санкция сала бастаған. Қазір АҚШ-тың "қара тізіміне" Қытайдың әскері мен арнайы қызметіне қатысы бар отыздан аса компаниясы енген. Санкция салған қытайлық компанияларға инвестиция салған америкалықтар бір жылда байланысын үзуі тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG