Accessibility links

Коронавирус пен соған ұқсас пневмониядан 10 адам қайтыс болды


Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

17 қаңтар күні коронавирус пен соған ұқсас пневмониядан 10 адамның қайтыс болғаны хабарланды: 8-і вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқас болса, екеуі диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған науқас болды. Коронавирус жұққаны тестпен нақтыланған 1003 науқас тіркелсе, 17 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 18 қаңтар таңертең таратқан мәлімдемесінде осындай мәлімет көрсетілген.

Өткен тәулікте ПТР тесті оң шыққан науқастар саны жөнінен Павлодар облысы (155) алға шыққан. Қалған облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 20 020 (+125 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 20 444 (+97),

Шығыс Қазақстан облысында - 19548 (+28),

Атырау облысында - 14952 (+71),

Қарағанды облысында - 12782 (+62),

Батыс Қазақстан облысында - 9935 (+47),

Солтүстік Қазақстан облысында - 9562 (+55),

Қостанай облысында - 8671 (+74),

Ақмола облысында - 8341 (+99),

Алматы облысында - 8192 (+94),

Шымкент қаласында - 5726 (+19),

Жамбыл облысында - 5271 (+24),

Маңғыстау облысында - 3886 (+17),

Түркістан облысында - 3889(+10),

Ақтөбе облысында - 3819 (+21),

Қызылорда облысында - 3488 (+5).

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 169 099 адамға жеткен.

Қазақстан үкіметі індет басталғалы тек ПТР тесті оң шыққан адамдарды ғана коронавирус статистикасына қосып келеді. Алайда билік 1 тамыздан бастап ПТР тесті оң нәтиже бермеген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін де жүргізе бастады. Содан бері 46 848 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан деп айтылады.

Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен анықталған науқастар арасында барлығы 2416 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған. Ал коронавирус пневмониясы науқастары арасында 1 тамыздан бері 540 адам көз жұмған.

Қазақстанда коронавирус жөніндегі ресми дерекке күмән келтіретіндер көп.

Жаз айларында шығу тегі белгісіз вирустық пневмония өршіді. Жергілікті мамандар мұның коронавирус екенін айтты, билік ПТР тесті теріс шықты деп пневмонияны коронавирус деп қарастырудан бас тартты. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1 қаңтар мен 2 тамыз аралығында пневмониямен 256 541 науқас тіркелген, бұл өткен жылдың жеті айлық көрсеткішінен 3,3 есе көп болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG