Accessibility links

1 274 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 18 адам өлімі тіркелді


Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққаны тестпен расталғандар 1266 адамға көбейді. Бұл туралы 26 қаңтарда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 8 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Бір күнде 18 адам өлімі тіркелген: үшеуінің өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 179 720 адамға жетті. 161 758-і жазылған. Өткен тәулікте 1445 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2495 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 445 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 558 адам қайтыс болған. 35 220 адам жазылған.

Өткен тәулікте Алматыда ПТР тесті оң шыққан – 132 адам, Нұр-Сұлтанда 91 адам тіркелген. Ақмола облысында - 215, Павлодар облысында – 197, Солтүстік Қазақстан облысында – 110, Қостанай облысында – 104, Батыс Қазақстан облысында – 97, Атырау облысында – 84, Қарағанды облысында – 79, Алматы облысында – 71, Шығыс Қазақстан облысында – 45, Жамбыл облысында – 21, в Түркістан облысында – 8, Шымкентте – 7, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында 2 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды. Дүйсенбі күні Атырау облысында науқас тіркелмеген.

Қазір коронавирустан 27 134 адам емделіп жатыр. 11 667-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 6 576 науқас стационарда емделіп жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 99,6 млн адамға жетті. 54,9 млн адам жазылған. 2,1 млн науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG