Accessibility links

1 527 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 16 адам өлімі тіркелді


Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққаны тестпен дәлелденгендер 1397 адамға көбейді. Бұл туралы 27 қаңтарда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 130 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Бір күнде 16 адам өлімі тіркелген: 15 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 181 117 адамға жетті. 163 156-ы жазылған. Өткен тәулікте 1398 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2510 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 575 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 559 адам қайтыс болған. 35 348 адам жазылған.

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 397 адам тіркелді. Павлодар облысы (219) мен Ақмола облысында (213) 200-ден астам адамнан коронавирус анықталған.

Алматыда - 139, Нұр-Сұлтанда - 147, Шығыс Қазақстан облысында – 53, Атырау облысында – 70, Қарағанды облысында – 78, Батыс Қазақстан облысында - 95, Солтүстік Қазақстан облысында – 108, Қостанай облысында - 141, Алматы облысында - 64, Шымкент қаласында - 10, Жамбыл облысында - 23, Түркістан облысында - 10, Маңғыстау облысында - 10, Ақтөбе облысында - 6, Қызылорда облысында 11 науқас тіркелген.

Қазір коронавирустан 27 119 адам емделіп жатыр. 11 668-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 6 492 науқас стационарда емделіп жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 100 млн адамнан асты. 55,3 млн адам жазылған. 2 млн 154 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG