Accessibility links

"Тентектік болмасын". Ақтөбеде ереуілдеп тұрған мұнайшыларға ақсақалдар басу айтуға келді


Ақтөбеде ереуілге шыққан мұнайшыларға ақсақалдар басу айтпақ болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:26 0:00

27 қаңтарда Ақтөбе облысының Темір ауданы Көкжиде кенішіндегі "КМК Мұнай" компаниясында еңбек ететін 200-ге жуық жұмысшы басшылықтан жалақыны 100 пайызға көбейтуді талап етіп, үшінші күн қатарынан ереуілдетті. Ереуілдетіп тұрған мұнайшыларға сәрсенбіде "бұрын мұнай саласында жұмыс істегенбіз" деген екі-үш ақсақал келіп, оларға басу айтуға тырысты.

Мұнайшыларға келген ақсақалдың бірі "тентектік болмау керек" деді. Жұмысшылар ол кісінің сөзіне "жоқ-жоқ, ондай болмайды" деп жауап берді.

Тағы бір ақсақал "Біз өзіміз жылы көңілмен келіп тұрмыз. Балалар тоңып, аурудан құлап жатқан жоқ па, көмек көрсетіп жатыр ма, біреулерін жұлқылап алып кетіп жатқан жоқ па деп келдік" деді.

Мұнайшылар ақсақалдардың басуына аса мән бермей, "біз үлкен кісілерді шақырған жоқпыз, сізді әкеліп бұл жерге араластырмай қойсын, бір шешімге келгенше осы жерде тұрамыз" десті. Кейін ақсақалдар кетіп қалды.

Жалақы өсіруді талап етіп тұрған жұмысшылар ақсақалдар өздері келді дегенге сенбейді. Қазақстанда әдетте қандай да бір наразылық, талап айтқан ереуіл болса билік басу айтуға ақсақалдарды я имамдарды шақырады.

"КМК Мұнай" жұмысшылары компания басшылығы мен облыс билігіне 12 қаңтарда жолдаған жалақы туралы талабы орындалмаған соң, 25 қаңтардан бастап ереуіл жариялап, жұмысты доғаратынын мәлімдеген. Олар өздері тұрып жатқан жатақхананың жағдайы нашар, тамақ нәрсіз деп, жатын орын мен ас-ауқатты да жақсартуды талап етеді.

26 қаңтарда болған келіссөз кезінде "КМК-Мұнай" компаниясы президенті Ван Цзиньбао жалақыны 20 пайызға көбейтуді ұсынған, бірақ жұмысшылар оған келіспей тұр. Цзиньбао жатақхананың ескі екенін мойындап отыр, ол биыл жаңа жатақхананың құрылысы басталады деп уәде етті. Компания президенті "пандемия кезінде азық-түлік жеткізу қиындап кеткендіктен тамақ сапасы нашарлап кеткен, қазір дұрысталды" дейді. Бірақ жұмысшылар тамақ мәзірі жақсармады деп тұр.

Мұнайшылар талаптарын айтып Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялаған. Мұнайшылар билік тарапынан жауап болмағанын айтады.

Қытайдың 2004 жылы құрылған "КМК Мұнай" компаниясы Ақтөбе облысындағы Көкжиде, Құмсай және Мортық кеніштерінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру жұмыстарымен айналысады. 400-ге жуық адам еңбек ететін бұл компанияға Панамада тіркелген Yukon Energy Holding S.A. компаниясы және Қытайдың CNPC деп аталатын ірі мемлекеттік компаниясының еншілес кәсіпорны – "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы тең иелік етеді.

Ақтөбе облысында мұнайшылар ереуілі жалғасып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG