Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ҰҚК тергеу изоляторына екі айға қамалды


Мухаммедкалый Абылгазиев.
Мухаммедкалый Абылгазиев.

28 қаңтарда Бішкектің Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевке бұлтартпас шарасын қолдану туралы өтінішті қарап, оны екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Үкіметтің бұрынғы жетекшісінің адвокаты Данияр Эркимбаев сот шешімімен келіспейтінін айтып, шешімді апелляцияға беретінін хабарлады.

Абылгазиев "Жемқорлық" және "Заңсыз баю" баптары бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылған. Ол 26 қаңтарда ұсталған.

Былтыр қазан айында қаржы полициясы коронавирус індеті кезінде шетелден келген гуманитарлық көмекті үлестіру ісі аясында одан сұрақ-жауап алған. Тергеуден кейін ол үкімет жетекшісі болып тұрған кезде заң бұзбағанын айтқан.

Мухаммедкалый Абылгазиев министрлер кабинетін 2018 жылдың 20 сәуірінен бастап 2020 жылдың маусымына дейін басқарған. Былтыр "радиожиілікті заңсыз сату ісі" бойынша дау туындаған шақта қызметінен кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG