Accessibility links

1500-ден астам адамнан коронавирус пен пневмония анықталды


Алматы метросының жолаушылары. Көрнекі сурет.
Алматы метросының жолаушылары. Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы 1469 адамның ПТР тесті оң шығып, коронавирус жұққаны белгілі болды деп хабарлады 29 қаңтарда таңертең денсаулық сақтау министрлігі. Тағы 59 адам коронавирусқа ұқсас пневмония түрімен ауырған.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері елде 183 999 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 165 мыңнан астамы жазылған, 2557 адам (өткен тәулікте 6 адам өлімі тіркелген) қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, тіркеп келеді. Содан бері 47 717 адам коронавирус пневмониясына шалдықты деп айтылады. 564 адам содан қайтыс болған. 35 мыңнан астамы жазылған.

Өткен тәулікте ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (296) тіркелген. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұққан - 124 адам, Алматыда 122 науқас анықталған. Ақмола облысында 206 адамға коронавирус жұққан. Қостанай облысы (137), Солтүстік Қазақстан облысы (109), Батыс Қазақстан облысында (104) жүзден астам науқас анықталған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 101,4 миллион адамға жеткен, 55,9 адам жазылған, 2,18 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG